Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы №15-113-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешiмiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9-тармақтың 5) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай" жыл басынан төлем жүргізу үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне – біржолғы 5 000 000 теңге мөлшерінде";
9-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын;
"6) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:
Семей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдарға, ядролық қаруды сынаудың салдарынан зардап шеккен және мүгедектік тобы бар болған адамдарына – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
9-тармақ 10) тармақшамен толықтырылсын;
"10) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
саяси құғын-сүргін құрбандарына және саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға – біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде".
10-тармақтың 8) тармақшасының 7 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде Сарыағаш аудандық мәслихатының бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.";
28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"28. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін Сарыағаш ауданынан тыс кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болған жағдайлардың жойылуы туралы мәліметтер анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы қағидалардың 12-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1) 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Р. Асылбекұлы |
