Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 67-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "СПК"Ынтымақ" өндірістік кооперативіне Қабланбек ауылдық округінде орналасқан су электр станциясына электр желісін тарту үшін Сарыағаш ауданының Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерінің аумағынан меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 2,908 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі (Б.Әуезов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Абдуллаев |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің 13 қараша 2025 жылғы №389 қаулысына Қосымша |
"СПК"Ынтымақ" өндірістік кооперативіне су электр станциясына электр желісін тарту үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық серви туттың әрекет ету көлемі (гектар) | Соның ішінде: | ||||||||||
Ауыл шаруашық мақсатындағы жерлер | Оның ішінде: | ||||||||||||
Егістік | Оның ішінде: | Көп жылдық екпелер | Су қоры | Өнеркәсіп | |||||||||
суармалы егістік | |||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |||||
1 | Жібек жолы ауылдық округі | 0,0673 | 0,0673 | - | 0,0673 | - | - | - | |||||
2 | Қабланбек ауылдық округі | 1,522 | 1,2523 | 0,4531 | 0,8409 | - | 0,0167 | 0,0429 | |||||
Барлығы: | 1,5893 | 1,3196 | 0,4531 | 0,0982 | - | 0,0167 | 0,0429 | ||||||
Елдi мекендердiң жерi | Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | Орман қорының жері | Су қорының жерi | Босалқы жер | ||||||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | ||||||||
- | - | - | - | - | - | ||||||||
- | - | - | - | - | - | ||||||||
- | - | - | - | - | - | ||||||||
