Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шәуілдір -Төрткүл бағыты бойынша 110 кв жоғарғы вольтты электр беру желісін салу үшін 31, 997 гектар жер учаскелері жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Акмуратовқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А.Оралбаев |
