ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 726-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйдібек ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы №14/67-VIII "Бәйдібек ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6484-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Мәслихат төрағасы | И.Түймебаев |
