Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы, 2 - тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан қалалық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 25 мамырдағы №08-02-07/362 санды хатына сәйкес, Түркістан қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Түркістан қаласы, Ж. Усманов көшесі №18 мекен-жайында "құтыру" ауруының ошақ нәтижесі жойылғанына байланысты, 2025 жылғы 22 сәуірде Түркістан қаласы, Ж. Усманов көшесіне енгізілген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Төлегеновке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Қала әкімі | Ә. Пазылбекұлы |