Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18,67,69-баптарына, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына, Түркістан облысының мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 10 сәуірдегі №5194-25-00-4/25 ісі негізге ала отырып, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ИНЕРТ-М" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Кентау қаласы, Ащысай ауылы аумағынан Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекекмесіне тиесілі жер учаскесінен "Техногенді құрамында көміртегі бар шикізат, минералды пайда болған қалдықтар, шлактарды өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін" жалпы алаңы 72,0 га (720000) жер учаскесіне 3 жыл мерзімге уақытша пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін;
2. "ИНЕРТ-М" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. "Кентау қаласының әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ж.Тасов |