Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы №386 "Жазаның осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15311 болып тіркелген) бұйрығына, сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сот шешімі бойынша жазаны орындау шеңберінде орындалатын қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін ұйымдардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Арыс қаласының әкімі | Қ.Маңқараев |
| Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "_12_" _қыркүйек_ №_590_ қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі сотталғандардың жазасын орындау үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен объектілерінің тізбесі
Р/с | Қоғамдық жұмыс объектілері | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 | Арыс қаласы "Ақдала ауыл округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округінде көгалдандыру, көріктендіру, қоқыстардан тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу |
2 | Арыс қаласы "Дермене ауыл округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округінде көгалдандыру, көріктендіру, қоқыстардан тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу |
3 | Арыс қаласы "Монтайтас ауыл округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округінде көгалдандыру, көріктендіру, қоқыстардан тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу |
4 | Арыс қаласы "Байырқұм ауыл округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округінде көгалдандыру, көріктендіру, қоқыстардан тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу |
5 | Арыс қаласы "Жиделі ауыл округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округінде көгалдандыру, көріктендіру, қоқыстардан тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу |
6 | Арыс қаласы "Қожатоғай ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Ауылдық округінде көгалдандыру, көріктендіру, қоқыстардан тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу |
7 | Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" "Жасыл Арыс" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Қала орталығын көгалдандыру, көріктендіру, қоқыстардан тазарту, тал егу |
8 | "Kazakh Real Stroi" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қала орталығын көгалдандыру, көріктендіру, қоқыстардан тазарту, тал егу |
9 | "Ақаба-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қала орталығын көгалдандыру, көріктендіру, қоқыстардан тазарту, тал егу |
