"Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 23 шілдедегі № 443 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18,43,67,69 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Арыс қаласының жер комиссиясының 024 жылғы 3 желтоқсандағы №37 қорытындысына және Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы" бұйрығына "Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішіне сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің БСН 240640010037 Арыс қаласы, Қожатоғай және Ақдала ауылдық округі аумағындағы қаланың арнайы жер қорынан ВЛ-220 кВТ жоғары кернеулі электр желісін салу үшін /ықшам сызбаға сәйкес/ аумағы – 73,7414 гектар (ұзындығы 24566 метр, ені - 30 метр) (қосымшаға сәйкес) жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен жер пайдаланушыдан жер учаскеcі алынбай, қысқа мерзімге – 3 /үш/ жылға жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін.

      2. Арыс қаласының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Арыс қаласының әкімі Қ.Маңқараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады