Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №66 бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін
2. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Асанов "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің Ережесін қолданыстағы заңға сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Асановқа жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев жүзеге асырсын.
Арыс қаласының әкімі | Қ.Маңқараев |
Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "_8_" __сәуір____ №_198_ қаулысына қосымша |
Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте экономика және қаржы мен коммуналдық меншік саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарыда шоттары болады.
5. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
6. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
8. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі №3 Индекс 160100.
10. Осы Ереже Арыс қаласының "Экономика және қаржы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қалалық бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, қаланың коммуналдық меншігі мен бюджеттік қаражаттарды басқару, қаланың аумағында экономикалық саясатты, мемекеттік жоспарлау және басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту саласында мемлекеттік басқару болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1. Құқықтары:
1) Мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу;
2) қалалық әкімдіктің және мәслихаттың мәжілістеріне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу.
3) жоғары органдарға қаланың негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) қала әкімдігіне салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды одан әрі әске асырудың орындылығы туралы ұсыныстар енгізуге;
5) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және оларды облыстық мемлекеттік органдарға және қала әкімдігіне ұсынуға;
6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға, мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге, қатысуға тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
7) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар;
8) мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселлері бойынша отырыстар өткізеді;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
10) өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді уақтылы және сапалы жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларына сәйкес жауапты болады.
2. Міндеттері:
1) қалалық бюджеттің атқарылуы, коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) қалалық бюджет қаражаттарын және қала әкімдігінің коммуналдық меншік обьектілерін басқару;
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
4) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру;
5) қала әкімі мен әкімдігінің тапсырмасы бойынша аса маңызды бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу болып табылады.
15. Функциялары:
1) қала бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету;
2) қала бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;
3) бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
4) қала бюджеттін атқару барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін бағалауды қорытындылау;
5) қала бюджеттінің атқарылуы бойынша есеп-қисап жасау;
6) бюджеттік есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
7) бюджеттік жүйедегі бюджеттік және бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға және жетілдіруге қатысу;
8) қала бюджеттін қаржыландыру және түсімдердің жиынтық жоспарын бекіту және өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету;
9) міндеттемелерді уақытында қабылдамау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді уақытында өткізу себептерін анықтау мақсатында қала бюджетінің атқарылуының күнделікті және ай сайынғы мониторингін жүргізу, қала бюджетінің түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамын жасау;
10) мемлекеттік мекемелердің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін талдау;
11) мемлекеттік мекемелер міндеттемелерінің уақытында орындалуы бойынша ұсыныстар әзірлеу және шешімдер қабылдау;
12) жергілікті бюджет бойынша қолма қол ресурстарын талдау және болжам жасау;
13) мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін, мемлекеттік мекемлер бойынша олардың иелігінде қалған, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен ұсынылған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын келісу;
14) бюджеттік бағдарламлар әкімшілерінің өтінімдерін қарау және оларды мақұлдағанжағдайда төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды ресімдеу;
15) қала бюджетінің ай сайынғы және жылдық түсімдері мен шығыстарын түзетуді қажет ететін факторлар пайда болған жағдайда қала бюджетінің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекіту және өзгерістер енгізу;
16) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің есептіліктеріне мониторинг жасалып, шоғырландырылған қаржылық есептілігі жинақталып, "Е-минфин" сайтына енгізіліп мерзімінде белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдарға тапсыру;
17) берілген бюджеттік кредиттердің есебін жүргізу, мониторингін жүргізу және қайтару;
18) бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөнінде ай сайынғы талдау есебін дайындау;
19) қала бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп-қисап және қаланың мемлекеттік мекемелерінің дебиторлық, кредиторлық қарыздары жөнінде есептер құрастыру;
20) мекеменің бюджеттің жобаларын әзірлеу және оны қала әкімдігіне бекітуге ұсыну, өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
21) мекеменің операциялық жоспарын бекіту;
22) өз құзыреті шегінде қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік, нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және дайындау;
23) заңнамалық актілерге сәйкес қала әкімдігінің коммуналдық меншігін басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік мүлікті тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша жұмыс жүргізу;
24) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе кейіннен сатып алу құқығымен қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалдау (жалға беру) сенімді басқаруға беру;
25) сауда жүргізу, тендер жағдайында қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалға немесе сенімді басқаруға беру жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;
26) сенімді басқарушымен қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін сенімді басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
27) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін сатудан, қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалдау (жалға беру), сенімді басқаруға беруден қалалық бюджеттің кірісіне түсетін түсімдердің толықтығы және уақытында түсуіне бақылауды жүзеге асыру, қарыздарды өндіріп алу бойынша шаралар қолдану;
28) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөніндегі қала әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау;
29) активтерді мемлекеттік мекемелердің теңгерімінен теңгеріміне беруді жүзеге асыру, негізгі құрал-жабдықтарды олардың теңгерімдерінен есептен шығару бойынша жұмысты жүргізу, мемлекеттік меншік обьектілеріне меншік құқығын растауды жүзеге асыру;
30) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкінің пайдаланылуы және сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
31) қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
32) мүлікті қабылдау-тапсыру актілерін бекіту;
33) қала әкімдігінің коммуналдық меншік обьектілерін сату алдындағы дайындық жұмысын жүргізу, сатып алу-сату, мүліктік жалдау, сенімді басқару шарттарын, өз құзыреті шеңберінде басқа да шарттарды ресімдеу, сондай-ақ осы шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, жалгерлік ақы құнының мөлшерін есептеу;
34) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы органмен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау бойынша есептерді қарау, келісу және бекіту;
35) жергілікті атқарушы органмен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын талдауды және бақылауды жүзеге асыру;
36) мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективті жоспарларын, оның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді, мерзімділігін және оларды ұсыну тәртібін қарау;
37) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметінің тоқсан сайынғы мониторингін жүргізу;
38) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеуге бақылауды жүргізу;
39) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы бойынша есептерді жасалуына бақылауды жүргізу;
40) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы есебінің халықаралық стандарттарға көшуі бойынша мониторинг жүргізу;
41) шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін, сондай-ақ қала әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі қазыналық кәсіпорындардың сметадан артық кірісін қалалық бюджеттің кірісіне уақытылы және толық есептелуі мен аударылуына бақылауды жүзеге асыру;
42) мемлекеттік акция пакеттеріе дивиденттердің уақтылы және толық есептелуі мен аударылуына бақылауды жүзеге асыру;
43) мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың және мемлекеттік қатысу үлесімен акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізілімін жүргізу, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы мүліктерді түгендеу және есепке алу;
44) жекешелендіру облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жүргізілуі мүмкін қала әкімдігінің коммуналдық меншігі объектілерінің тізбесіне енгізілген қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша облыстық жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімін алу;
45) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;
46) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жағдайларда қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін бағалауды жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
47) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жағдайларда қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін бағалауды жүргізу бойынша конкурстың жеңімпаздарымен шарттар жасау;
48) қала әкімдігінің коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру үрдісін ұйымдастыру үшін делдалдарды жұмылдыру, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу - сату шарттарын әзірлеуді және жасауды және сатып алу - сату шарттарының талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
49) жекешелендіру объектілерін жеке сауда - саттық бойынша бөлу, сондай-ақ оларды өткізу мерзімін белгілеу;
50) жекешелендіру объектісінің әр қайсысы бойынша сауда - саттық нысанын анықтау, заңнамалық актілермен көзделген жағдайлардан басқа;
51) жекешелендіру объектілерінің бастапқы, мәрелік және ең аз бағасын анықтау және бекіту;
52) кепілдік жарналарды қабылдау және қайтару;
53) ұйымдастырушылармен сауданы ұйымдастыру және өткізуге шарттар жасау;
54) аукциондарды ұйымдастыру және өткізу барысына бақылауды жүзеге асыру;
55) сауда жеңімпаздарымен сатып алу - сату шарттарын жасау және олардың орындалуын бақылау;
56) сауда жүргізу рәсіміне байланысты қатысушылармен, сатып алушылармен және Ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру;
57) жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру;
58) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және оны қала әкімдігіне мақұлдауға ұсыну;
59) қала дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларды қалалық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
60) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
61) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлер негізінде жергілікті бюджетке түсімдер көлемін болжау;
62) жергілікті бюджеттік инвестициялық басым жобалар (бағдарламалар) тізбесін әзірлеу;
63) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына қалалық бюджет шығыстарының көлемін қалыптастыру;
64) қалалық бюджеттің жобасын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну;
65) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бюджетті орындау жөнінде жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті қаржылық жылға жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы әкімдіктің қаулысын әзірлеу;
66) олардың қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет және қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың шығыстарына қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына, бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды жасау, қарау және бағалау;
67) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
68) өзінің қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сотқа талап арыздар бере алады.
69) Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бөлімнің мемлекеттік сатып алудың жүргізілуін қамтамасыз ету;
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруына дербес жауапта болады.
17. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1. Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттері мен олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
2. Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және мемлекеттік мекеменің жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
3. Мемлекеттік мекемені басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:
3.1. Мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді.
3.2. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мемлекеттік мекеменің мүлкіне билік жасайды.
3.3. Банктерде есеп-шоттар ашады, мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады оларға қол қояды және нұсқаулар береді.
3.4. Заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3.5. Заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады.
3.6. Мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді.
3.7. Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.
3.8. Заңнамамен осы ережемен және қала әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
3.9. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (акшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
22. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалық қарамағында ұйымдар мен аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелер жоқ.