2025 жылға Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары аналық басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттарын, өтінім беру мерзімдерін және өтінім нысанын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 16 қазандағы № 223 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 наурызда № 18404 болып тіркелді), Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес 2025 жылға Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары аналық басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес 2025 жылға Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары аналық басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға арналған өтінім нысаны бекітілсін.

      3. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Көшеров

  Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы "__"___________
№___ қаулысына
1-қосымша

2025 жылға Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары аналық басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, субсидиялар алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге

Алушыларға қойылатын
өлшемшарттар

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесінде субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі

Өтінім беру мерзімі

1

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

бас

219 000

1. Есепке алу нөмірінің болуы.
2.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы.
3. Өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-да және АЖБ-да тіркелген болуы және деректердің сәйкестігі;
4. Өтінімді берген сәтте 18 айдан асқан меншікті аналық басының 200 бастан кем емес болуы;
5. Пайдалануға берілген немесе тиісті инфрақұрылыммен жаңғыртудан өткен, сиырларды байлап ұстауға арналған қора-жайы, автоматтандырылған сауу қондырғысы бар сауу залы (карусель, шырша, параллель, тандем, роботталған машина), азықтық цехтары, ветеринариялық пункты бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
6. Субсидияланған аналық мал басының (табиғи кему нормалары шегіндегі өлім-жітімді, жарамсыздарын қоспағанда) 12 ай бойы сақталуын қамтамасыз етілуі;
7. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 "Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) бекітілген есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары жөніндегі статистикалық әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу дәптерінен алынған скриншот көшірмесінің және/немесе өтінім берілген сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы №21 "Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20030 болып тіркелген) бекітілген "Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп" (индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан үзіндінің САЖ-да орналастырылуы.

АЖБ және САТЖАҚ-мен интеграциялық өзара әрекеттесу

Ағымдағы жылдың 1 мамырынан 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;

      АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;

      САЖ – субсидиялаудың ақпараттық жүйесі.

  Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы "__"___________
№___ қаулысына
2-қосымша

2025 жылға Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары аналығы басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға арналған субсидиялар алу өтінім нысаны

  Нысан
_________________________________
(облыс)
жергілікті атқарушы органы

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидия алуға арналған өтінім

  Өтінім нөмірі: _____
Өтінімнің қалыптастырылған
күні: ___________

      1. Тауар өндірушінің/ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы ______________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңды тұлғаның атауы)

      2. Тауар өндірушінің/ ауыл шаруашылығы кооперативінің мекен-жайы: _____________________________________________________________ (облыс, аудан, қала/ауыл/көше, үй нөмірі)

      3. ЖСН/БСН ___________________________________________________

      4. Банктік деректемелері (ЖСК, Кбе, БСК): _________________________

      5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтер:

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Жалпы ауданы, гектар

Жердің категориясы

Нысаналы мақсаты

1

2

3

4

5

1.





2.





      6. Тауар өндірушінің/ ауыл шаруашылығы кооперативінің телефон нөмірі. ______________________________________________________________

      7. Өтінім берген сәтіндегі субсидияланатын ауыл шаруашылығы жануарларының аналығының тізілімі:

Р/с №

АЖБ-да тіркелген ЖСН

Жасы, ай

Мал иесінің-ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің (ауыл шаруашылығы кооператив үшін) БСН/ЖСН-і

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (ауыл шаруашылығы кооператив үшін)

1

2

3

4

5

1.





      Барлығы ___ бас

      8. Субсидиялау нормативі _________ теңге.

      9. Тиесілі субсидияның жалпы сомасы ___________ теңге.

Р/с №

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Азықтық дақылдарға арналған жер учаскелерін және (немесе) шабындық (жайылымдық) алқаптарды (егістіктер, шабындықтар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар) бөлу туралы акт

Актінің нөмірі


Актінің берілген күні


Кадастрлық нөмірі


Алаң, гектар


2.

Тиісті күнтізбелік жылға азықтық дақылдарды себу алаңы (бар болса)

Азықтық дақылдар себілген алаң, оның ішінде түрлері бойынша, гектар


3

Дайындалған азықтың көлемі

Азықтың дайындалғанын растайтын құжаттың атауы мен күні


Ағымдағы жылы түрлері бойынша дайындалған азық, тонна

4.

Азық дайындауға жұмсалған шығынды растайтын құжат

Азық дайындауға жұмсалған шығындар сомасы, теңге


5.

Азықтың сатып алу-сату шарты

Сатушының атауы


Сатушының БСН-і

Шарттың нөмірі мен жасалған күні

Азықтың көлемі, тонна

Электрондық шот-фактураның нөмірі мен күні

Шарт бойынша барлық сома, теңге

6.

Екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасы

ЖСН/БСН


ЖСК


Кбе


банктің немесе почта операторының деректемелері: банктің немесе почта операторының атауы:


БСК


БСН


Кбе


      Жыл бойы мәлімделген аналық малдың сақталуын (мал шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз ететінімді растаймын, сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда ауыл шаруашылығы жануарының сақталмаған басы үшін алынған субсидияларды қайтаруға келісемін.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, пайдалануға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__"___ сағат ____ қол қойып, жіберді

      Өтінім беруші туралы ЭЦҚ-дан алынған мәліметтер.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      Кбе – бенефициар коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жануардың сәйкестендіру нөмірі;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      Р/с – реттік сан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады