"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Д. Тәжібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Көшеров |
| Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы ___________ №_____қаулысына қосымша |
2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | мамандық атауы | 2025-2026 оқу жылына арналған мемле-кеттік білім беру тапсырысы-ның көлемі | Оқу жылы/жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың.теңге) | |
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | |||
1 | Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау | 50 | 2 819,025 | |
| Бағдарламалық қамтамасыз ету | 50 |
| |
| Исламтану | 5 |
| |
| Аллергология және иммунология (ересектер) | 1 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Аллергология және иммунология (балалар) | 1 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Анестезиология және реаниматология (ересектер) | 8 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Анестезиология және реаниматология (балалар) | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Физиатрия (ересектер) | 3 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Неврология (ересектер) | 7 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Клиникалық фармакология | 14 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар) | 6 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Жалпы хирургия | 7 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Психиатрия (ересектер) | 3 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Психиатрия (балалар) | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Радиология | 4 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Травматология-ортопедия (ересектер) | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) | 2 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Физикалық медицина және оңалту (балалар) | 3 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Клиникалық зертханалық диагностика | 3 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Терапия | 3 | 1 939 900 | 1 811 300 |
| Педиатрия | 4 | 1 939 900 | 1 811 300 |