БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптап жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттік үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) бұрын алынған сақтандыру сыйлықақыларын қайтару/тузетпе жасау туралы шешім қабылдау;";
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ЭКА-ның Директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шеңберінде сақтандыру және кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) банктердің, контрагенттердің, бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық жағдайыны талдауын қарау;";
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен астам сақтандыру және кепілдік төлемін жүзеге асыру;";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік беру шешімдерін қабылдау құрылымдық бөлімшелердің ұсынымдары негізінде ЭКА ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аталған талаптар экспортты сақтандыру және (немесе) кепілдік қолдауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды іске асыратын халықаралық қаржы ұйымдарына, сондай-ақ экспортты сақтандыру және (немесе) кепілдік қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет кемінде 50 пайыз үлеспен қатысатын шетелдік ұйымдарға қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
