ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша cақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Активтер және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
| бұйрығымен бекітілген |
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша cақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша cақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 10-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі (бұдан әрі – ЭКА) жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша cақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) актуарлық әдістер – сақтандыру резервтерін есептеген кезде актуарий қолданатын экономикалық-математикалық есептеу әдістері;
2) есептеу күні – сақтандыру резервтері есептелетін күн;
3) еңбек сіңірілмеген сақтандыру сыйлықақысы – сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғау қолданылатын кезеңнің есептеу күнгі жағдай бойныша қалған кезеңіне қатысты бөлігі;
4) мәлімделген, бірақ реттелмеген залал – сақтандыру төлемі жүзеге асырылмаған немесе толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы және (немесе) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мәлімдеген сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы ЭКА-ға қойылатын талап;
5) сақтандыру залалын реттеу жөніндегі шығыстар – сақтандырушының мүліктік мүддесіне келтірілген залалдың (зиянның) көлемін бағалауға және оны азайтуға байланысты, сараптама, консультациялық және сақтандыру жағдайына байланысты туындаған, өзге қызметтерді төлеу үшін ЭКА-ға қажетті ақша сомасы;
6) сақтандыру оқиғасы – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес кейін сақтандыру жағдайы болып танылу ықтималдылығы бар оқиға;
7) сақтандыру резервтері – ЭКА-ның Талаптарға сәйкес актуарлық есеп айырысулар негізінде бағаланатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері;
8) қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі – есептеу күнгі жағдай бойынша қайта сақтандырушының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша міндеттемелерінің бөлігі;
9) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы;
10) таза сақтандыру сыйлықақысы – қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру сыйлықақысы.
2-тарау. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша cақтандыру резервтерін есептеу үшін қажетті ақпаратқа қойылатын талаптар
3. ЭКА сақтандыру резервтерін әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша және (немесе) әрбір сақтандыру сыныбы бойынша және (немесе) әрбір мәлімделген, бірақ реттелмеген залал бойынша Талаптардың 4-тармағында көзделген сақтандыру резервінің түріне қарай жеке-жеке қалыптастырады. Сақтандыру резервтерін есептеу кейінгі тәуекелдерді қайта сақтандыруға қарамастан, барлық жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ЭКА қабылдайтын міндеттемелер көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Актуарий сақтандыру резервтерін есептеуді ЭКА-ның есептілігінде қамтылған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
3-тарау. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерінің құрылымы
4. ЭКА қалыптастыруы үшін міндетті сақтандыру резервтері мыналарды қамтиды:
1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві (бұдан әрі – ЕСР) – есептеу күнінен кейінгі сақтандыру қорғаудың қолданысы кезеңіне қатысты, келесі есепті кезеңдерде туындауы мүмкін төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауға арналған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) бөлігі (еңбек сіңірілмеген сыйлықақы);
2) шығындар резервтері:
орын алған, бірақ мәлімделменген шығындар резерві (бұдан әрі – ОМШР) – орын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе шартта белгіленген тәртіппен есепті немесе оның алдындағы кезеңдерде ЭКА-ға мәлімделмеген, есепті немесе оның алдындағы кезеңдерде болған сақтандыру жағдайларына байланысты туындаған залалдарды реттеу бойынша шығындарды қоса алғанда, ЭКА-ның сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелерін бағалау;
мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві (бұдан әрі – МРШР) – ЭКА-ның есеп беру күніне залалдарды реттеуге шығыстарды қоса алғандағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша орындалмаған немесе толық орындалмаған міндеттемелерінің бағалауы болып табылады.
5. Сақтандыру шарты бойынша ЕСР, МРШР есептеу кезінде және сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР есептеу кезінде теріс мәнді сақтандыру резервтерінің қорытынды мәндері нөл мәнін қабылдайды.
4-тарау. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерінің есебі
6. ЕСР әрбір сақтандыру шарты бойынша жеке есептеледі.
7. ЕСР шамасын есептеу үшін пропорция әдісі қолданылады.
8. ЕСР пропорция әдісімен әрбір шарт бойынша есептелген, еңбек сіңірілмеген сыйлықақыларды жинақтау арқылы айқындалады.
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы пропорция әдісімен әрбір шарт бойынша сақтандыру қорғауы қолданыла бастаған күннен бастап сақтандыру қорғауының қолданылуы аяқталған күнге дейінгі сақтандыру қорғауының қолданылу мерзімі (күнмен) мен есепті күні сақтандыру қорғауының аяқталмаған қолданылу мерзімінің (күнмен) бөліндісін шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысына көбейтіндісі ретінде анықталады:
![]()
СС - сақтандыру сыйлықақысы;
![]()
![]()
9. ОМШР әрбір сақтандыру сыныбы бойынша жеке есептеледі. ОМШР жалпы шамасы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша есептелген ОМШР-ды қосу арқылы анықталады.
10. ОМШР келесі актуарлық әдістермен есептеледі:
1) осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инфляцияға түзетумен тізбекті баспалдақ әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервінің есебіне сәйкес инфляцияға түзетумен және осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инфляцияға түзетусіз тізбекті баспалдақ әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервінің есебіне сәйкес инфляцияға түзетусіз тізбекті баспалдақ әдісі.
Осы Талаптардың мақсаттары үшін тізбекті баспалдақ әдісі деп сақтандырушының есепті кезеңде немесе есепті кезеңнің алдындағы кезеңдерде болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін бөлу әдісі түсініледі.
Тізбекті баспалдақ әдісінде сақтандырушының міндеттемелерін бөлу төлемдер (төленген залалдар) немесе ЭКА залалдары негізінде құрылады.
Инфляцияға түзетілген тізбекті баспалдақ әдісінде төлемдер (төленген залалдар) немесе келтірілген залалдар инфляция көрсеткішіне ұлғаяды;
2) Борнхьюттер-Фергюсон әдісі (Bornhuetter-Ferguson) осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Борнхьюттер-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеуге сәйкес.
Борнхьюттер-Фергюсон әдісі міндеттемелерді бөлу төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар негізінде құрылатын тізбекті баспалдақ әдісіне және болашақ залалдардың күтілетін мөлшерін анықтауға негізделген.
Болашақ залалдардың күтілетін шамасы мөлшері осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелерді бөлу кезінде ЭКА есепке алатын залалдардың басталу кезеңдерінің алдындағы аяқталған қаржы жылдары бойынша есептелген полистер бойынша залалдылық коэффициенттерінің орташа мәнінен кем болмайтын, еңбекпен табылған сыйлықақы мен залалдылық коэффициентінің көбейтіндісіне тең.
11. Полистер бойынша залалдылық коэффициенті тиісті қаржы жылында күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша залалдарды реттеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, келтірілген залалдар шамасының көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы ретінде есептеледі.
Полистер бойынша залалдылық коэффициентін есептеу кезінде залалдарды реттеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, келтірілген залалдар және еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақылары есепті күнге дейін аяқталған қаржы жылдары бойынша есепке алынады.
Сақтандыру резервтерін есептеу үшін пайдаланылатын полистер бойынша залалдылық коэффициентін есептеу кезінде актуарий қажет болған жағдайда, ірі болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша залалды түзетуді жүргізеді.
12. Келтірілген шығындардың негізінде актуарий сақтандырушының міндеттемелерін бөлген жағдайда, актуарлық әдістермен ОМШР есептеген кезде осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инфляцияға түзетусіз тізбекті баспалдақ әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін есептеудің жинақталған шығындар кестесі осы Талаптарға 4-қосымшасына сәйкес келтірілген залалдар негізінде ЭКА міндеттемелерін бөлудің Келтірілген залалдар негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындарды және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланылатын шығындар басталған әр кезеңнің соңында жинақталған төлемдер шамасын (төленген шығындарды) қосу арқылы құрылады.
Келтірілген шығындардың негізінде актуарий сақтандырушының міндеттемелерін бөлген жағдайда, актуарлық әдістермен ОМШР есептеген кезде осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инфляцияға түзетілген тізбекті баспалдақ әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін есептеудің өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген, жинақталған залалдар кестесі осы Талаптарға 4-қосымшасына сәйкес келтірілген залалдар негізінде ЭКА міндеттемелерін бөлудің Келтірілген залалдар негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындарды және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланылатын шығындар басталған әр кезеңнің соңында жинақталған төлемдер шамасын (төленген шығындарды) қосу арқылы құрылады.
Келтірілген шығындардың негізінде актуарий сақтандырушының міндеттемелерін бөлген жағдайда, актуарлық әдістермен ОМШР есептеген кезде осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Борнхьюттер-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеудің жинақталған шығындар кестесі осы Талаптарға 4-қосымшасына сәйкес келтірілген залалдар негізінде ЭКА міндеттемелерін бөлудің Келтірілген залалдар негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындарды және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланылатын шығындар басталған әр кезеңнің соңында жинақталған төлемдер шамасын (төленген шығындарды) қосу арқылы құрылады.
13. ОМШР-ды осы Талаптардың 10-тармағында көзделген актуарлық әдістермен есептеу үшін деректер жеткіліксіз болған жағдайда, ОМШР есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы 12 (он екі) айда күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына қосымша келісімдер бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының кемінде 5 (бес) пайызын құрайды.
14. Актуарий сақтандыру резервтерін қалыптастыру кезінде көзделмеген, жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қосымша тәуекелдердің есептеу күні туындауына байланысты ЭКА міндеттемелерінің сомасына сақтандыру резервтерінің мөлшерін ұлғайтады.
ОМШР қосымша резервтерін есептеу "Прага клубының" "Берн Одағының" және басқаларының статистикасы сияқты, экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша ұқсас агенттіктердің (ағылш. International Union of Credit and Investment Insurers IUCII) сақтандыру қызметінің көрсеткіштерін талдау негізінде мүмкін болады.
ОМШР қосымша резервтерін есептеу кезінде экспорттық кредиттерді сақтандыру бойынша шетелдік агенттіктерінің сақтандыру сыйлықақысының залалдылық деңгейі орташа болған кезде сақтандыру төлемдерін жабу үшін жеткілікті ықтималдығы жоғары деңгейге жету мақсатын көздейді.
15. Актуарий қосымша ОМШР сомасын міндеттемелердің мынадай мөлшеріне ұлғайтуға құқылы:
1) тәуекел объектілері қызметінің салаларындағы теріс беталыс туралы ақпарат болған кезде – сақтандыру сомасынан 5%-дан 20%-ға дейін;
2) сақтандыру объектісінің қаржылық жағдайының нашарлауы туралы ақпарат болған кезде – сақтандыру сомасынан 20%-дан 100%-ға дейін;
3) қаржылық жағдайдың уақтылы мониторингтік есептері болмаған кезде – сақтандыру сомасынан 5%-дан 20%-ға дейін;
4) сақтандыру жағдайының әлеуетін сипаттайтын өзге де нашарлататын жағдайлар/факторлар болған кезде – сақтандыру сомасынан 5%-дан 100%-ға дейін.
16. МРШР сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішін алған күннен бастап, қай күннің ертерек келетініне байланысты, сақтандыру төлемін жүзеге асырған не сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім шығарған немесе қай күннің ертерек келетініне байланысты, сақтанушы сақтандыру төлемін алудан жазбаша бас тартқан күнге дейін әрбір мәлімделген, бірақ реттелмеген залал бойынша жеке-жеке қалыптастырылады.
17. МРШР мәлімделген залал мөлшерінде қалыптастырылады.
Сақтанушыда (сақтандырылушыда, пайда алушыда) және ЭКА-да шығын мөлшері туралы жеткілікті ақпарат болмаған жағдайда, МРШР сақтандыру төлемі үшін жеткілікті мөлшерде, бірақ алдыңғы қаржы жылындағы немесе алдыңғы 2 (екі) қаржы жылындағы сақтандыру жағдайларының ұқсас тобы бойынша жүргізілген, төленген наразылықтардың орташа мәнінен кем болмайтын мөлшерде, мәндердің қайсысы үлкен болып табылатынына байланысты қалыптастырылады.
Актуарий қажет болған жағдайда ірі болып табылатын, төленген наразылықтардың орташа (орташа нарықтық) мәнін есептеуде ескерілетін залалды түзетеді.
Залал мөлшері туралы жеткілікті ақпараттың болмауына байланысты қалыптастырылған орташа МРЗР мөлшері олардың мөлшеріне қарай әрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша қайта есептеледі.
Залалдың мөлшерін растайтын құжаттар болған кезде немесе ЭКА көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін МРШР мәлімделген және құжатпен расталған залал мөлшерінде қалыптастырылады.
МРШР-дың жалпы шамасы барлық мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша қалыптастырылған, МРШР-ды қорытындылау арқылы анықталады.
18. МРШР сомасы актуарий есептейтін, мәлімделген талаптар бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін қарауға және реттеуге тікелей байланысты болжамды шығыстар сомасына ұлғаяды.
19. МРШР есептік шамасы есеп айырысу күніне ЭКА-ның сақтандыру сыйлықақысын (кезекті сақтандыру жарнасын) төлеу бойынша сақтанушының (қайта сақтанушының) мерзімі өткен берешегінің сомасына азаяды.
20. Актуарий сақтандыру резервтерін қалыптастыру кезінде көзделмеген, жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қосымша тәуекелдердің есептеу күні туындауына байланысты ЭКА міндеттемелерінің сомасына сақтандыру резервтерінің мөлшерін ұлғайтады.
5-тарау. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі
21. ЕСР-дағы қайта сақтандырушының үлесі әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша жеке есептеледі.
22. Пропорционалды қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының ЕСР-дағы үлесі әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша есепті күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша коэффициент пен ЕСР көбейтіндісі ретінде айқындалады.
ЕСР-дағы қайта сақтандырушының үлесі = bRE ЕСР, мұндағы:
bRE коэффициенті қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысына қатынасына тең.
Пропорционалды емес қайта сақтандыру шарттары бойынша ЕСР-дағы қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес есептеледі.
23. Актуарий ОМШР-дағы қайта сақтандырушының үлесін осы Талаптардың 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес есептелген, қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда, ОМШР және қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып, ОМШР арасындағы айырма ретінде сақтандырудың әрбір класы бойынша жеке айқындайды.
24. Қайта сақтандырушының үлесін қоспағанда ОМШР есептеу үшін қайта сақтандырушының үлесін қосқанда ОМШР есептеу үшін пайдаланылатын шығындардың даму коэффициенттерін қолдана отырып, қайта сақтандырушының үлесін қосқанда ОМШР есептеу үшін таңдалған есептеу әдісі қолданылады.
ОМШР-ды осы Талаптардың 13-тармағына сәйкес есептеу кезінде ОМШР-дағы қайта сақтандырушының үлесі осы Талаптардың 13-тармағына сәйкес қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып, ОМШР-ны есептеу кезінде пайдаланылған пайыз мөлшері мен қайта сақтандыруға берілген және есептеу күнінің алдындағы соңғы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру шарттары мен сақтандыру шарттарына қосымша келісімдер бойынша есептелген қайта сақтандыру сыйлықақысының көбейтіндісіне тең болады.
25. Қайта сақтандырушының МРШР-дағы үлесі қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қайта сақтандыру ұйымынан өтелуге жататын залалдар сомасы негізінде есептеледі.
26. Қайта сақтандыру шарттары (қосымша келісімдер) бойынша қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі қайта сақтандырудың барлық шарттарын көрсете отырып (оның ішінде қайта сақтандырушы қабылдаған сақтандыру сыйлықақысының, қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер, жауапкершілік лимитінің, цедент комиссиясының, сақтандыру брокерінің және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру брокерінің филиалы комиссиясының мөлшері), тәуекелдерді қайта сақтандыруға (акцептке) қабылдағаны туралы жазбаша нысанда растауы болған жағдайларды қоспағанда, 0 (нөлге) тең.
Қайта сақтандыру шартын алғанға дейін қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) қайта сақтандыруға (акцептке) тәуекелдерді қабылдағанын растау ретінде "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 9-тармағына сәйкес сақтандыру брокері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері филиалының қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайтын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін, қайта сақтандыру коверноты немесе қол қойылған парағы бар қайта сақтандыру слипі де қабылданады.
ЭКА-да осы тармақта көзделген қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) растауы болған кезде, қайта сақтандырушының мынадай сақтандыру резервтеріндегі үлесі қажет болған жағдайда төмендегі шарттарға сәйкес келген кезде қалыптастырылады:
ЕСР-да қайта сақтандыру шарты жауапкершілік көлемінің 10 (он) пайызынан кемін және сақтандыру сыйлықақысының 50 (елу) пайызынан астамын беруді көздемейді;
қайта сақтандырушы сақтандыру резервтерінде есепті күнге Қазақстан Республикасының бейрезиденті-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне кірмейді.
6-тарау. Капитал құрамындағы қосымша резервтер
27. Тұрақтандыру резерві болашақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға байланысты ЭКА міндеттемелерін бағалау болып табылады.
Тұрақтандыру резерві аяқталған қаржы жылының нәтижелері бойынша сақтандырудың әрбір класы бойынша жеке есептеледі.
28. Тұрақтандыру резерві қайта сақтандырушының
![]()
![]()


мұндағы:
![]()
![]()
M - қаржы жылдарының саны;
K(i) - қайта сақтандырушының і-ші қаржы жылындағы үлесін есепке алмағанда, есепті кезеңдегі залалдылық коэффициенті.
29. Егер қайта сақтандырушының M қаржы жылдарындағы үлесін есепке алмағанда, есепті кезеңдегі залалдылық коэффициентінің орташа мәні 70 (жетпіс) пайыздан кем болса, тұрақтандыру резерві есептелмейді.
Қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда есепті кезеңдегі залалдылық коэффициентінің орташа мәні және сақтандыру класы бойынша қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда есепті кезеңдегі залалдылық коэффициентінің орташа шаршылы ауытқуы алдыңғы 5 (бес) қаржы жылындағы деректер негізінде айқындалады.
30. Сақтандыру класы бойынша тұрақтандыру резерві қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда, есепті кезеңдегі залалдылық коэффициентінің орташа мәніне азайтылған, есепті кезеңдегі қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда, есепті кезеңдегі залал коэффициентіне көбейтілген есепті кезеңдегі еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасын шегергендегі есепті кезеңнің басындағы тұрақтандыру резервінің мөлшерінде айқындалады (
![]()
Есепті күнгі тұрақтандыру резерві =
![]()
мұндағы:
![]()
![]()
Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйақыларының сомасы - есепті кезеңнің басында қайта сақтандырушының үлесі есепке алынбай еңбек сіңірілмеген сыйлықақының резерві шамасына көбейтілген және есепті кезеңнің соңына қайта сақтандырушының үлесі есепке алынбай еңбек сіңірілмеген сыйлықақының резерві шамасына азайтылған қайта сақтандырушының есепті кезеңдегі үлесі есепке алынбаған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;
K - есепті күнге қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда, есепті кезеңдегі залалдылық коэффициенті;
![]()
Тұрақтандыру резервін есептеу үшін есепті кезең бір қаржы жылына тең.
31. Сақтандыру класы бойынша тұрақтандыру резерві есепті күнге сақтандыру класы бойынша қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды:
Есепті күнгі тұрақтандыру резерві
мұндағы:
ТЕЕС - есепті күндегі сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру резервінің сомасы.
32. Егер ЭКА сақтандыру класы бойынша 2 (екі) жыл ішінде сақтандыру шарттарын жасаспаса, онда сақтандырудың осы класы бойынша тұрақтандыру резервінің шамасы 0 (нөлге) тең болып қабылданады.
33. Тұрақтандыру резервінің жалпы шамасы сақтандырудың барлық кластары бойынша тұрақтандыру резервінің шамаларын қосу арқылы айқындалады.
34. Ағымдағы қаржы жылының басында қалыптастырылған тұрақтандыру резерві ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін өзгермейді.
35. Күтілмеген тәуекелдер резерві (бұдан әрі - КТР) - сақтандыру төлемдерінің және сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстардың орнын толтыру үшін Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелетін еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві (бұдан әрі - ЕСР) жеткіліксіз болған кезде ықтимал болашақ тәуекелдер бойынша қалыптастырылатын резерв.
36. КТР әрбір сақтандыру сыныбы бойынша жеке есептеледі. КТР жалпы шамасы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша есептелген КТР-ды қосу арқылы анықталады.
37. КТР келесі шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда ай сайын есептеледі:
таза сақтандыру төлемдерінің, сақтандыру зияндарын реттеу бойынша шығыстардың және зияндар резервінің (қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда) өзгеруі сомасының таза сақтандыру сыйлықақыларының және ЕСР (қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда) өзгеруінің айырмасына қатынасы сақтандыру сыныбы бойынша 105 (бір жүз бес) пайыздан артық болса;
сақтандыру сыныбы бойынша қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының көлемі есепті кезеңдегі қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінен 5 (бес) пайыздан асатын болса.
КТР келесідей есептеледі:
![]()
мұндағы:
КТР– күтілмеген тәуекелдер резерві;
Т – таза сақтандыру төлемдері;
Ш – сақтандыру залалдарын реттеу бойынша шығындар;
![]()
ТҚ – қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде, алуға есептелген сақтандыру сыйлықақылары;
![]()
ЕСР – есептеу күніне қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген ЕСР.
Т, Ш, ∆ШР, ТҚ, ∆ЕСР өлшемдері есепті күннің алдындағы соңғы 12 (он екі) айға есептеледі.
Нысан
Инфляцияға түзетусіз тізбекті баспалдақ әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін есептеу
Есепті кезең: "___" "_____________" 20___жылғы жағдай бойынша
Сақтандыру класы ____________ бойынша есепті күнге залалдар кестесі
Шығындар кестесі __________________ залалдар (төленген, келтірілген) негізінде қалыптастырылған
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Кезең бойынша шығындар (j) | |||||
Мерзімділік | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
1 | Х (1,1) | Х (1,2) | Х (1, n-2) | Х (1, n-1) | Х (1, n) | |
2 | Х (2,1) | Х (2,2) | Х (2, n-2) | Х (2, n-1) | х | |
3 | Х (3,1) | Х (3,2) | … | Х (3, n-2) | х | х |
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | Х (n-1,1) | Х (n-1,2) | х | х | х | х |
n | Х (n, 1) | х | х | х | х | х |
Ескерту:
Х (і,j) – і-ші кезеңде болған сақтандыру жағдайлары бойынша j-ші кезеңнің соңына төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар;
n – төлемдер туралы деректер қаралатын кезеңдердің саны;
есепті күндегі шығындар кестесінде сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдері бойынша топтастырылған, төлемдер (төленген шығындар ) немесе келтірілген шығындар көрсетіледі.
Жинақталған шығындар кестесі
_________________________ сақтандыру класы
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Жинақталған шығындар (j) | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | S (1,1)=X (1,1) | S (1,2) =X (1,1) + X (1,2) | … | S (1, n-2) =X (1,1) + x (1,2)+... + X (1, n-2) | S(1,n-1) = Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n-2) + Х (1,n-1) | S(1,n) =Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n) |
2 | S(2,1)=Х (2,1) | S(2,2) =Х (2,1) + Х (2,2) | … |
S(2, n-2) =Х (2,1) + Х | S(2,n-1) =Х (2,1) + Х (2,2)+… + Х (2,n-2) + Х (2,n-1) | х |
3 | S(3,1)=Х (3,1) | S(3,2)=Х (3,1) + Х (3,2) | … | S(3,n-2) =Х (3,1) + Х(3,2)+… + Х (3,n-2) | х | х |
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | S(n-1,1)=Х (n-1,1) | S(n-1,2)= Х (n-1,1) + Х (n-1,2) | х | х | х | х |
n | S(n,1)= Х (n,1) | х | х | х | х | х |
Ескертпе: Жинақталған залалдар кестесінде сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдері бойынша топтастырылған, жиынтық төлем шамалары (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар көрсетіледі.
Шығындардың даму коэффициенттерінің кестесі g(j) _______________________
Шығындарды дамыту әдісі (орташа арифметикалық, n - кезеңдердегі орташа, орташа шама)
шығындар орын алу кезеңі (i) | Шығындар даму факторлары (j) | ||||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | ||
1 |
|
| … |
|
| х | |
2 |
|
| … |
| х | х | |
3 |
|
| … | х | х | х | |
… | … | … | … | х | х | х | |
n-1 |
|
| х | х | х | х | |
n | x | х | х | х | х | х | |
шығындар даму коэффициенттері g(j) | |||||||
g(j) | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
орташа арифметикалық | х | ||||||
n-кезеңдердегі | х | ||||||
орташа шама | х | ||||||
Ескертпу: Шығындардың даму коэффициенттері кестесінде мәлімделген шығындардың жиынтықты шегінің бір төлем жасау кезеңінен келесісіне тиісінше ұлғаюына қатысты шығындардың даму F(i,j) факторлары мынадай формула бойынша анықталады:
Шығындардың даму факторлары =
![]()
Шығындардың даму коэффициенттері g(j) залалдың басталу кезеңдері бойынша залалдың даму факторларының орташа мәні ретінде есептеледі.
Сақтандыру класы ______________________ бойынша болжамды жинақталған залалдар кестесі
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Залалдардың болжамды жинақталуы | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | х | х | х | х | х | х |
2 | х | х | х | x | x | UL(2,n) = S(2,n-1) * g(n-1) |
… | … | … | … | … | … | … |
n-1 | х | x | … | S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-3) | S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-2) | UL(n-1,n) = S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-1) |
n | х | S(n,1) * g(1) | … | S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-3) | S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-2) | UL(n,n) = S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-1) |
Ескерту: Болжамды жинақталған шығындар кестесінде әрбір кезеңдегі төлемдердің немесе келтірілген залалдардың күтілетін шамасы айқындалады.
Төлемдердің немесе келтірілген шығындардың күтілетін шамасы Жинақталған шығындар кестесінен i және шығындар дың даму коэффициенттерінің кестесінен g(j) залалдарының басталу кезеңінде жинақталған төлемдердің немесе S(i,j-1) келтірілген залалдарының көбейтіндісі ретінде есептеледі.
сақтандыру класы _____________________ бойынша шығындар резервінің кестесі
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | шығындардың болжамды жинақталуы | Кезеңдер бойынша залалдар резерві | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | ||
1 | х | х | х | х | х | х | x |
2 | х | х | х | x | x | UL(2,n) = S(2,n-1) * g(n-1) | UL(2,n)-S(2,n-1) |
… | … | … | … | … | … | … | … |
n-1 | х | x | … | S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-3) | S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-2) | UL(n-1,n) = S(n-1,2) * g(2) * … * g(n-1) | UL(n-1,n)-S(n-1,2) |
n | х | S(n,1) * g(1) | … | S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-3) | S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-2) | UL(n,n) = S(n,1) * g(1) * g(2) * … * g(n-1) | UL(n, n)-S(n,1) |
сақтандыру класы ____________________ бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервінің кестесі
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Кезеңдер бойынша шығындар резерві | Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар | Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар |
1 | 2 | 3 | |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
… | |||
n-1 | |||
n | |||
Барлығы |
Ескерту:
Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар кестесінде мыналар көрсетіледі:
"Кезеңдер бойынша шығындар резерві" бағанында - тиісті кезеңдердегі шығындар резервтерінің мәндері;
"Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар" бағанында - тиісті кезеңдердегі мәлімделген шығындар сомасы;
"Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар" бағанында - тиісті кезеңдегі "Кезеңдер бойынша шығындар резерві" және "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар" бағандарының арасындағы айырмашылық. Теріс айырмашылық болған жағдайда "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар" бағанында 0 (нөл) мәні қабылданады;
егер есеп төлемдерге негізделсе, онда ОМШР - бұл Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінің 3-бағанында көрсетілген орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар сомасы, егер есеп келтірілген шығындарға негізделсе, онда ОМШР - бұл кезеңдер бойынша шығындар резервінің сомасы болады.
Инфляцияға түзетілген тізбекті баспалдақ әдісімен болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервін есептеу
Есепті кезең: "___" ___________ 20___жылғы жағдай бойынша
Сақтандыру класы ____________________ бойынша есепті күнге залалдар кестесі
Шығындар кестесі ______________________ шығындар (төленген, келтірілген)
негізінде қалыптастырылған
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Кезең бойынша шығындар (j) | |||||
Кезеңділігі | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
1 | ||||||
2 | х | |||||
3 | х | х | ||||
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | х | х | х | х | ||
n | х | х | х | х | х | |
Ескерту: есепті күндегі Шығындар кестесінде сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдері бойынша топтастырылған төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар көрсетіледі.
Өткен әрбір кезең үшін инфляция бойынша ақпарат кестесі
Кезеңдер | Өткен кезеңдегі инфляция (пайызбен) |
1 | |
2 | |
3 | |
… | |
n-1 | |
n |
Ескерту: Әрбір өткен кезеңдегі инфляция бойынша ақпарат кестесінде сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдеріне ресми инфляциялық мәндердің жинақталған мәндері көрсетіледі.
Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген залалдар кестесі
сақтандыру класы_________________ бойынша
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген кезеңдер бойынша шығындар (j) | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | ||||||
2 | х | |||||
3 | х | х | ||||
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | х | х | х | х | ||
n | х | х | х | х | х | |
Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген, жинақталған залалдар кестесі
_________________ сақтандыру класы
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген жинақталған шығындар (j) | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | ||||||
2 | х | |||||
3 | х | х | ||||
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | х | х | х | х | ||
n | х | х | х | х | х | |
Шығындардың даму коэффициенттерінің кестесі g(j) ________________________________________ шығындарды дамыту әдісі (орташа арифметикалық, n - кезеңдердегі орташа, орташа шама)
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Шығындардың даму факторлары (j) | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | ||||||
2 | х | |||||
3 | х | х | ||||
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | х | х | х | х | ||
n | х | х | х | х | х | |
Шығындардың даму коэффициенттері g(j) | ||||||
g(j) | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
орташа арифметикалық | х | |||||
n-кезеңдердегі орташа | х | |||||
орташа шама | х | |||||
____________ бойынша өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген, болжамды жинақталған залалдар кестесі сақтандыру класы
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген шығындардың болжамды жинақталуы | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | х | х | … | х | х | х |
2 | х | х | … | х | х | |
3 | х | х | … | х | ||
… | … | … | … | … | … | … |
n-1 | х | х | … | |||
n | х | |||||
_________________ бойынша өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген залалдар резервінің кестесі сақтандыру класы
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген шығындардың болжамды жинақталуы | Кезеңдер бойынша залалдар резерві | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | ||
1 | х | х | … | х | х | х | 0 |
2 | х | х | … | х | х | ||
3 | х | х | … | х | |||
… | … | … | … | … | … | … | … |
n-1 | х | х | … | ||||
n | х | ||||||
Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетілген залалдар резерві | |||||||
____________________ бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервінің кестесі сақтандыру класы
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Кезеңдер бойынша залалдар резерві | Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар | Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар |
1 | 2 | 3 | |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
… | |||
n-1 | |||
n | |||
Барлығы |
Ескерту: егер Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар кестесінде есеп төлемдерге негізделсе, онда ОМШР - бұл Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінің 3-бағанында көрсетілген орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар сомасы, егер есеп келтірілген шығындарға негізделген болса, онда ОМШР - бұл орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінің 1-бағанында көрсетілген кезеңдер бойынша шығындар резервінің сомасы;
"Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар" бағанында тиісті кезеңдегі "Кезеңдер бойынша шығындар резерві" және "Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар" бағандарының арасындағы айырмашылық көрсетіледі. Теріс айырмашылық болған жағдайда "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар" бағанында 0 (нөл) мәні қабылданады.
Борнхьюттер-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеу
Есепті кезең: "___" ____________ 20___жылғы жағдай бойынша
____________________ бойынша есепті күнге залалдар кестесі сақтандыру класы
шығындар кестесі ____________________ шығындар негізінде қалыптастырылған
(төленген, шығындалған)
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Кезең бойынша шығындар (j) | |||||
Кезеңділігі | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
1 | Х (1,1) | Х (1,2) | Х (1, n-2) | Х (1, n-1) | Х (1, n) | |
2 | Х (2,1) | Х (2,2) | Х (2, n-2) | Х (2, n-1) | х | |
3 | х | х | ||||
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | Х (n-1,1) | Х (n-1,2) | х | х | х | х |
n | Х (n, 1) | х | х | х | х | х |
Ескерту:
Х (і,j) - і-кезеңде орын алған сақтандыру жағдайлары бойынша j-кезеңнің соңындағы төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар;
n - шығындар туралы деректер қаралатын кезеңдердің саны;
есепті күндегі Шығындар кестесінде сақтандыру жағдайлары басталған кезеңдер бойынша топтастырылған төлемдер (төленген шығындар) немесе келтірілген шығындар көрсетіледі.
_________________________ бойынша жинақталған шығындар кестесі
сақтандыру класы
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Жинақталған шығындар (j) | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | S (1,1)=X (1,1) | S(1,2) =(Х (1,1) + Х (1,2) | … | S(1,n-2) =(Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n-2) | S(1,n-1) =( Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n-2) + Х (1,n-1) | S(1,n) =Х (1,1) + Х (1,2)+… + Х (1,n) |
2 | S(2,1)=Х (2,1) | S(2,2) =Х (2,1) + Х (2,2) | … |
S(2,n-2) =(Х (2,1) + Х | S(2,n-1) =Х (2,1) + Х (2,2)+… + Х (2,n-2) + Х (2,n-1) | х |
3 | S(3,1)=Х (3,1) | S(3,2)= Х (3,1) + Х (3,2) | … | S(3,n-2) =(Х (3,1) + Х(3,2)+… + Х (3,n-2) | х | х |
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | S(n-1,1)=Х (n-1,1) | S(n-1,2)= Х (n-1,1) + Х (n-1,2) | х | х | х | х |
n | S(n,1)= Х (n,1) | х | х | х | х | х |
Ескерту: Жинақталған шығындар кестесінде жиынтықты төлемдер (төленген шығындар) немесе сақтандыру жағдайлары басталған кезеңдер бойынша топтастырылған келтірілген шығындар көрсетіледі.
Шығындардың даму коэффициенттерінің кестесі g(j) _________________________
Шығындарды дамыту әдісі (орташа арифметикалық, n - кезеңдердегі орташа, орташа шама)
Шығындардың орын алу кезеңі (i) | Шығындардың даму факторлары (j) | |||||
1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n | |
1 | … | х | ||||
2 | … | х | х | |||
3 | … | х | х | х | ||
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | х | х | х | х | ||
n | x | х | х | х | х | х |
Шығындардың даму коэффициенттері g(j) | ||||||
g(j) | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
орташа арифметикалық | х | |||||
n-кезеңдердегі | х | |||||
орташа шама | х | |||||
Ескерту: Шығындардың даму коэффициенттері кестесінде бір ақы төлеу кезеңінен кейінгіге қарай мәлімденген шығындардың бірлескен шамасына сәйкес келетін шығындардың даму факторлары F(і,j) мына формула бойынша анықталады:
Шығындардың даму факторлары =
![]()
Шығындардың даму коэффициенттері g(j) залалдың басталу кезеңдері бойынша залалдың даму факторларының орташа мәні ретінде есептеледі.
Коэффициенттер кестесі
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Шығындардың даму коэффициенттері g(j) | Шығындардың даму факторлары f (j) | Кешігу факторлары h(j)= 1 - 1/f (j) |
1 | 1 | 1 | 1-1/ 1 |
2 | g(n-1) | 1*g(n-1) | 1-1/( g(n-1)) |
3 | g(n-2) | 1*g(n-1) *g(n-2) | 1-1/ (1*g(n-1) *g(n-2)) |
… | … | … | … |
n-1 | g(2) | 1*g(n-1) *g(n-2)*…* g(2) | 1-1/ (1*g(n-1) *g(n-2)*…* g(2)) |
n | g(1) | 1*g(n-1)*g(n-2)*…* g(2)*g(1) | 1-1/ (1*g(n-1) *g(n-2)*…* g(2)*g(1)) |
Ескертпе: Коэффициенттер кестесінде:
"Шығындардың даму коэффициенттері g(j)" бағанында - Шығындардың даму коэффициенттері кестесінде g(j) көрсетілген шығындардың даму коэффициенттерінің мәні;
"Шығындардың даму факторлары f (j)" бағанында - шығындардың даму коэффициенттерінің жинақталған мәні;
"Кешігу факторлары h(j)" бағанында -1 - 1/f (j) тең мәндер көрсетіледі, мұнда f (j) даму факторы болып табылады.
Полистер бойынша залалдылық коэффициентін есептеу кестесі
Қаржы жылы (y) | Келтірілген шығындар | Еңбекпен табылған сыйлықақылар | Полистер бойынша шығын коэффициенті |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | UL(1) | UP(1) | U(1)=UL(1)/UP(1) |
2 | UL(2) | UP(2) | U(2)=UL(2)/UP(2) |
… | … | … | … |
m-1 | UL(m-1) | UP(m-1) | U(m-1)=UL(m-1)/UP(m-1) |
m | UL(m) | UP(m) | U(m)=UL(m)/UP(m) |
Ескертпе:
Шығындылық коэффициентін есептеу кестесінде:
"Келтірілген шығындар" бағанында сақтандыру жағдайларының басталу кезеңінің алдындағы қаржы жылы күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шығындарды реттеу шығыстарын қоса алғанда, есепті күнгі жағдай бойынша келтірілген шығындардың мәндері көрсетіледі;
"Еңбек сіңірілген сыйлықақылар" бағанында сақтандыру жағдайларының басталу кезеңінің алдындағы қаржы жылы күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілген сыйлықақы көрсетіледі;
U ≥ [U (1) + U (2) + … + U(m)]/m, мұндағы:
U(m) - тиісті қаржы жылында күшіне енген, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша залалдарды реттеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, келтірілген залалдар шамасының көрсетілген шарттар бойынша есепті күні еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақыларына бөліндісі ретінде есептелетін, қаржы жағдайлары басталған кезеңнің алдындағы әрбір m-ші қаржы жылы үшін полистер бойынша залалдылық коэффициенттері;
m - қаржы жылдарының саны.
Орын алған, бірақ мәлімделмеген залалдар резервінің кестесі
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Еңбекпен табылған сыйлықақылар | шығындылық коэффициенті U | Күтілетін түпкілікті залалдар z(і) | Кешігу факторлары h(j) | Есепті күні болған, бірақ төленбеген залалдар R(і) | Есепті күнге мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар | Орын алған, бірақ мәлімделмеген залалдар |
1 | 2 | 3=1*2 | 4 | 5=3*4 | 6 | 7=5-6 | |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
… | |||||||
n-1 | |||||||
n | |||||||
Барлығы |
Ескерту: осы Нысанның орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінде:
"Еңбек сіңірілген сыйлықақылар" бағанында - сақтандыру ұйымының тиісті кезеңіндегі еңбек сіңірілген сыйлықақысы;
"U шығындылық коэффициенті" бағанында - осы Нысанның Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кестесіне сәйкес полистер бойынша шығындылық коэффициенттерінің орташа мәнінен кем емес мөлшерін құрайтын шығындылық коэффициентінің мәні;
"Кешігу факторлары h(j)" бағанында - осы Нысанның Коэффициенттер кестесінде есептелген h(j) кешігу факторларының мәні;
егер Борнхьютер-Фергюсон әдісінің есептеуі төлемдерге негізделген болса, онда ОМШР - бұл орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар сомасы (осы Нысанның Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінің 7-бағаны), егер есептеу келтірілген шығындарға негізделген болса, онда ОМШР - бұл орын алған, бірақ есепті күнге төленбеген шығындар (осы Нысанның Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві кестесінің 5-бағаны);
"Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар" бағанында - тиісті кезеңдегі "R(і) орын алған, бірақ есепті күнге төленбеген шығындар" және "Мәлімделген, бірақ есепті күнге реттелмеген шығындар" бағандары арасындағы айырма көрсетіледі. "Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар" бағанында теріс айырма болған жағдайда, 0 (нөл) мәні қабылданады.
Қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, ОМШР есептегенде:
"Еңбек сіңірілген сыйлықақылар" бағанында тиісті кезеңіндегі қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, еңбек сіңірілген сыйлықақының мәні көрсетіледі;
"Кешігу факторлары h(j)" бағанында қайта сақтандырушының үлесін шегере отырып, осы Нысанның Коэффициенттер кестесінде есептелген h(j) кешігу факторларының мәні көрсетіледі.
Нысан
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің міндеттемелерін келтірілген залалдар негізінде бөлу
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңдері бойынша топтастырылған жинақталған төлемдер шамасының (төленген шығындар) кестесі
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Кезеңдер бойынша жинақталған төленген шығындар (j) | |||||
Мерзімділік | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
1 | Х (1,1) | Х (1,1) + Х (1,2) | Х (1,1) + … + Х (1, n-2) | Х (1,1) + … + Х (1, n-2) + Х (1, n-1) | Х (1,1) + … + Х (1, n-1) + Х (1, n) | |
2 | Х (2,1) | Х (2,1) + Х (2,2) | Х (2,1) + … + Х (2, n-2) | Х (2,1) + … + Х (2, n-2) + Х (2, n-1) | х | |
3 | Х (3,1) | Х (3,1) + Х (3,2) | … | Х (3,1) + … +Х (3, n-2) | х | х |
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | Х (n-1,1) | Х (n-1,1) + Х (n-1,2) | х | х | х | х |
n | Х (n,1) | х | х | х | х | х |
Х (i,j) - i-ші кезеңде орын алған сақтандыру жағдайлары бойынша, j-ші кезеңнің соңындағы төлемдер (төленген шығындар).
Шығындардың әрбір пайда болу кезеңінің соңындағы жағдай бойынша топтастырылған мәлімделген реттелмеген шығындардың кестесі
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Кезеңдер бойынша мәлімделген реттелмеген шығындар (j) | |||||
Мерзімділік | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
1 | Y (1,1) | Y (1,2) | Y (1, n-2) | Y (1, n-1) | Y (1, n) | |
2 | Y (2,1) | Y (2,2) | Y (2, n-2) | Y (2, n-1) | x | |
3 | Y (3,1) | Y (3,2) | … | Y (3, n-2) | x | x |
… | … | … | … | x | x | x |
n-1 | Y (n-1,1) | Y (n-1,2) | x | x | x | x |
n | Y (n,1) | x | x | x | x | x |
Y (i,j) - i-ші кезеңде орын алған сақтандыру жағдайлары бойынша j-ші кезеңнің соңындағы мәлімделген шығындар.
Келтірілген залалдар негізінде жинақталған шығындар кестесі
есепті күнге __________________
Сақтандыру жағдайларының басталу кезеңі (i) | Келтірілген шығындар (j) | |||||
Мерзімділік | 1 | 2 | … | n-2 | n-1 | n |
1 | Х (1,1) + Y (1,1) | Х (1,1) + Х (1,2) + Y (1,2) | Х (1,1) + … + Х (1, n-2) + Y (1, n-2) | Х (1,1) + … + Х (1, n-2) + Х (1, n-1) + Y (1, n-1) | Х (1,1) + … + Х (1, n-1) + Х (1, n) + Y (1, n) | |
2 | Х (2,1) + Y (2,1) | Х (2,1) + Х (2,2) + Y (2,2) | Х (2,1) + … + Х (2, n-2) + Y (2, n-2) | Х (2,1) + … + Х (2, n-2) + Х (2, n-1) + Y (2, n-1) | х | |
3 | Х (3,1) + Y (3,1) | Х (3,1) + Х (3,2) + Y (3,2) | … | Х (3,1) + … +Х (3, n-2) + Y (3, n-2) | х | х |
… | … | … | … | х | х | х |
n-1 | Х (n-1,1) + Y (n-1,1) |
Х (n-1,1) + Х (n-1,2) + | х | х | х | Х |
n | Х (n,1) + Y (n,1) | х | х | х | Х | Х |











