"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Міндеті: ішкі сауданы реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ішкі сауданы реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;";
3), 4), 5) ,6), 7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;";
10) тармақша алып тасталсын;
59) тармақша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
