"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 202-НҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 2025 жылғы 1 шiлдедегi № 203, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 2 шiлдедегi № 213 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 320/НҚ бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 9-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі №497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 маусымдағы қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы Ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі №353 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 15-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Ақмола облысының Ақкөл қаласында "Әлеуметтік әмиян" сервисі арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру.

      2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру Алгоритмі бекітілсін.

      3. Ақмола облысының әкімдігі (келісім бойынша):

      1) пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын сауда объектісінде "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының болуын қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар берген және пайдаланған цифрлық азық-түлік ваучерлерінің саны, сондай-ақ оны өткізудің үш айы өткеннен кейін, өткізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемі туралы деректерді қоса алғанда, пилоттық жобаның қорытындылары туралы ақпарат дайындауды.

      4. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментімен, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" Акционерлік қоғамымен және "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" Акционерлік қоғамымен бірлесіп мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар туралы деректерді "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесіне беруді қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "BTS Digital" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (келісім бойынша) бірлесіп:

      1) "Smart Bridge"-ге өтінім беру арқылы Дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) қосылу;

      2) пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес ДҚБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алу.

      6. "BTS Digital" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, 38-бабы 2-1 тармағының 2) және 4) тармақшаларына, 54-бабы 3-2 тармағына, "Ақпараттандыру туралы" "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы №123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16777 болып тіркелген):

      1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар хаттамалардың болуы;

      2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы шарттың болуы;

      3) өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының (бұдан әрі – Орталық) болуы және оның жұмыс істеуі не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғаларда ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін ұсынуға шарт жасасу, сондай-ақ Орталықтың Ақпараттық қауіпсіздік ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылы;

      4) деректерді қорғау, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі стандарттарын орындау және сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен белгіленген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.

      7. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      8. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министріне, жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.

      9. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
________ А. Шаққалиев
      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
_________ C. Жакупова
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
___________ А. Бердалин
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсіп министрі
__________ Ж. Мәдиев

  Бірлескен бұйрығына
  қосымша

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну" қызметін көрсету және пилоттық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі

      1. Осы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін беру" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну арқылы азаматтардың әлеуметтік осал топтарын тиімді атаулы қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) арзандатылған баға-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар сауда үстемесін есепке алмағанда, сатып алу бағасы бойынша ай сайын бір адамға белгіленген жеңілдікпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алатын баға;

      2) әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы - пилоттық жобаны жүргізу өңірінде тұратын, есепті айдың алдындағы айдың соңғы күніне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;

      3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарларының тізбесі, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген);

      4) "Әлеуметтік әмиян" сервисі (бұдан әрі - Әмиян) – жеке тұлғаның электрондық ақшаны есепке алуға және сақтауға арналған, оларға билік етуді қамтамасыз ететін электрондық әмияны (әлеуметтік әмиянды оған мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан электрондық ақша түрінде төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және оларды өтеу немесе олармен операцияларды жүзеге асыру кезінде одан электрондық ақшаны есептен шығару үшін лездік төлемдер жүйесінің операторы ашады);

      5) "Әлеуметтік әмиян" сервисін әзірлеуші (бұдан әрі - әзірлеуші) - eGov Mobile орналастырылған Әмиян сервисіне айрықша авторлық құқығы бар "Aitu – Төлем шешімдері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      6) ваучер сомасы (бұдан әрі - жеңілдік) – пилоттық жоба шеңберінде ұсынылатын, оны іске асыру барысында ықтимал түзетуге жататын арзандатылған бағаның тіркелген мөлшері;

      7) дүкен – пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын стационарлық сауда объектісі;

      8) қызмет – көрсетілетін қызметті алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну;

      9) көрсетілетін қызметті беруші – Қызметті көрсететін, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган;

      10) көрсетілетін қызметті алушы – Алгоритмге қосымшаға сәйкес жауап берілген SMS-хабарлама арқылы Көрсетілетін қызметті алуға келісім берген Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы;

      11) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдауы және беру бойынша көрсететін қызметі;

      12) қосымшалар дүкені – мобильді қосымшалардың цифрлық дүкені, оның көмегімен абоненттің смартфонына "электрондық үкімет" порталының "eGov Mobile" мобильді қосымшасын орнатуға болады

      13) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі - МАБ) – "электрондық үкіметті" пайдаланушылардың абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы;

      14) монетарлық емес мемлекеттік қолдау шаралары – мемлекет мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ақшалай баламасы жоқ тауарлар немесе қызметтер түрінде беретін көмек;

      15) пилоттық жоба – енгізілетін реттеудің нәтижесін анықтау мақсатында мемлекеттік орган жүргізетін рәсім;

      16) проактивті тәсіл – Көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызмет;

      17) Ұлттық тауарлар каталогы – тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы әзірлеген, өнімнің бірыңғай номенклатурасын қамтитын және Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін жүзеге асыру кезінде тауарлар анықтамалығы ретінде пайдаланылуға міндетті, тауарлардың сипаттамаларын, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарын және өзге де мәндерді қамтитын ақпараттық ресурс;

      18) цифрлық азық-түлік ваучері (бұдан әрі - ваучер) – "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесіде "Отбасының цифрлық картасы" арқылы проактивті тәсілмен жүзеге асырылатын, сандық түрде алынатын Әмиян арқылы Мемлекеттік қолдауға монетарлық емес шараларды көрсету құралы;

      19) "электрондық үкімет" порталының "eGov Mobile" мобильді қосымшасы (бұдан әрі - eGov Mobile) – ұялы байланыс және Интернет желісі арқылы мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;

      20) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      21) "e-Otinish" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - e-Otinish) – азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы;

      22) "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі - SDU) – мемлекеттік органдар басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланатын деректерді жинауға және талдауға арналған жүйе;

      23) QR-код - Әмиянда генерацияланатын матрицалық штрих код.

      Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Ақпараттандыру туралы" Заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мәндерге сәйкес келеді.

2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру

      3. Қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жоба халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде Әмиян арқылы проактивті тәсілмен іске асырылады және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың пайдасына қолданылады.

      4. Пилоттық жоба 2025 жылғы 26 маусымнан бастап 2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін 3 (үш) айға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Ақкөл қаласында жүзеге асырылады.

3-тарау. Ваучерлер

      5. Ваучерлерді Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылған Көрсетілетін қызметті алушының отбасының әрбір мүшесіне ұсынады.

      6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын Көрсетілетін қызметті алушы сауда үстемесін есепке алынбайтын арзандатылған бағамен сатып алынады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы ваучерді белсендірілуі өз бетінше, ай сайын, айдың 5-күнінен бастап соңғы күніне дейін ай сайын жүзеге асырады. Ай аяқталғаннан кейін ваучерді белсендіру мүмкін емес.

      8. Қызмет шеңберінде берілген белсендірілмеген ваучерлер ай аяқталғанға дейін қолданылады.

4-тарау. Дүкендерге қарыз беру

      9. Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында дүкендерге қарыз беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19123 болып тіркелген) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдар арқылы дүкендерге тауар қорларын қалыптастыру үшін қарыз береді.

      11. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз ету және ақылық талаптарының шарттарымен жүзеге асырылады.

      12. Қарыз шартының міндетті шарты:

      1) дүкеннің тауарлардың Ұлттық тауарлардың каталогын бірыңғай анықтамалығы ретінде пайдалануы;

      2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлардың ассортиментінде болуын қамтамасыз ету;

      3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларында оларды сәйкестендіру үшін арнайы белгілердің (жапсырмалардың) болуы.

      13. Дүкен айналым қаражатын алған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін сатып алу бағасы бойынша жүзеге асырылады. Өнімді тікелей ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінен жеткізген кезде – бағаны ұстап қалуды ескере отырып қалыптастырылатын баға бойынша бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен.

5-тарау. Ваучерлерді ұсыну және пайдалану тетігі

      14. Қызмет көрсету үшін қолданыстағы шарттарға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес SDU халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде ай сайын Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін саралайды және қалыптастырады.

      15. SDU Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін ЭҮП-ға береді.

      16. ЭҮП-да алынған Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі бойынша SMS-хабарламаларды жіберу үшін Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың МАБ-да абоненттік нөмірлерінің болуына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

      17. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың абоненттік нөмірлерін өзектендіруге және дұрыстығына "Ұлттық ақпараттық технологиялар" Акционерлік қоғамына тиесілі МАБ жауап береді.

      18. МАБ-да Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болмаған жағдайда, ЭҮП Қызмет процесін аяқтауға бастамашылық жасайды. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірінің болмауы туралы жазба ЭҮП тіркеу журналында тіркеледі және SDU-ға беріледі.

      19. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі SDU-да ай сайын ағымдағы айдың 4 - күніне дейін жаңартылады.

      20. МАБ-да Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болған жағдайда, ағымдағы айдың 5-ші күні оның абоненттік құрылғысына осы Алгоритмге қосымшаға сәйкес Қызметті алуға келісім беруге немесе одан бас тартуға сұрау салуды қамтитын SMS-хабарлама жіберу жүзеге асырылады.

      21. Бастапқы SMS-хабарламаға жауап болмаған жағдайда 5 күнтізбелік күн өткеннен кейін қайта SMS-хабарлама жіберіледі. Ағымдағы айдың соңына дейін Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған не қызмет көрсетуге бас тартуды алған жағдайда-тиісті айда ваучерді белсендіру мүмкіндігі жойылады.

      22. Өзара SMS–хабарлама арқылы келісімді растаған Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушы болып танылады.

      23. Келісімді алғаннан кейін ЭҮП Көрсетілетін қызметті алушының деректерін Әмиянға жібереді, соның негізінде ваучер ашылады. Ваучерге қол жеткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабарламада жіберілген дербес сілтеме бойынша өтеді немесе eGov Mobile қолданбалар дүкені арқылы дербес орнатады, авторизацияланады және әмиянның тиісті бөліміне өтеді.

      24. Әмиянда Көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП-дан алған деректері негізінде ваучерлер автоматты түрде қалыптастырылады.

      25. QR-код ұсынылғаннан және дүкенде оқығаннан (сканерлегеннен) кейін, Қызметті алушы жоба шеңберінде белгіленген арзандатылған бағамен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

      26. QR-код оқығаннан (сканерлегеннен) кейін дүкен ваучердің қалдық сомасын Әмиянға сұраныс жіберу арқылы тексереді.

      27. Төлегеннен кейiн дүкен төлем мәртебесi және тауар позицияларының тiзбесi туралы деректердi Әмиянға жібереді.

      28. Ваучерін пайдаланғаннан кейін "Тарих" бөлімінде Әмиянда оны пайдалану мәртебесі көрсетіледі.

      29. Әмияннан Көрсетілетін қызметті берушіге күн сайын ваучерлерінің жандануы туралы және Қызметті ұсыну туралы есептілік ұсынылады.

      30. Көрсетілетін қызметті алушының Әмиянда көрсетілетін Қызметтің сапасын дүкенде бағалауға, шағым жіберуге пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Әмиянда көрсетілген функциялардың іске асырылуына қарай "e-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы Ақмола облысының әкімдігіне жіберуге мүмкіндігі бар.

      31. Қызметтерді байқаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде тараптардың келісімі бойынша Қызметтерді көрсету кезінде процестердің, тәсілдердің өзгеруі мүмкін.

      32. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы Қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

      33. Әмиянды әзірлеуші Әмиянның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

  "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек алушыларға цифрлық
азық-түлік ваучерлерін ұсыну"
қызметін көрсету және пилоттық
жобаны іске асыру барысында
мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың өзара іс-қимылы
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру алгоритміне
  қосымша

      Проактивті тәсілмен қызмет көрсетуге оның келісімін алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу

      1. SMS-хабарлама – бастау:

      "Құрметті пайдаланушы!

      Сіздің отбасыңызға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ваучер түрінде жеңілдік бар.

      Дербес деректерді өңдеуге келісім немесе бас тарту мынадай комбинациямен жүзеге асырылады: 21*1 – "ИӘ", 21*2 – "ЖОҚ" дегенді білдіреді.

      Толық ақпарат алу үшін 87163820020 нөмірі бойынша хабарласу қажет".

      Келісім 2025 жылдың 31 шілдесіне дейін беріледі.

      2. SMS-хабарлама, Көрсетілетін қызметті алуға үміткердің келісімі кезіндегі жауабы (Көрсетілетін қызметті алуға үміткер 21*1 терген жағдайда):

      "Әлеуметтік әмияннан" әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ваучер алу келісіміңіз сәтті өңделді. Ваучерді алу үшін https://egovmobile.page.link/socwallet" сілтемесі арқылы eGov mobile мобильді қосымшасына тіркелу қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады