Құрманғазы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 242-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрманғазы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады