"Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 122 қаулысы

      Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. ""Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 74 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      15-тармақта:

      он екінші тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 451 бабының 16,17 бөліктерінде, 489-1 бабында, 490 бабында, 418 баптың 1-1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ әкімшілік хаттамалар толтыру.".

      2. "Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Каржауоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Мамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады