Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ""Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 74 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
он екінші тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 451 бабының 16,17 бөліктерінде, 489-1 бабында, 490 бабында, 418 баптың 1-1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ әкімшілік хаттамалар толтыру.".
2. "Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Каржауоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Мамбетов |