Индер ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 207 қаулысы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Индер ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм) бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Аудан әкімі С. Нсанбаев

  Индер ауданы
әкімдігінің 2025 жылғы
"30" қазандағы № 207
қаулысына қосымша

Индер ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекеннің атауы

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

1

Индербор кенті

І аймақ

1,95

ІІ аймақ

1,65

ІІІ аймақ

1,65

IV аймақ

1,65

V аймақ

1,5

2

Бөдене ауылдық округі

Бөдене ауылы І аймақ

1,45

3

Жарсуат ауылдық округі

Жарсуат ауылы І аймақ

1,45

Құрылыс ауылы І аймақ

0,15

Қызылжар ауылы І аймақ

0,10

Кетебай ауылы І аймақ

0,10

4

Елтай ауылдық округі

Елтай ауылы І аймақ

1,45

Аққала ауылы І аймақ

0,15

5

Есбол ауылдық округі

Есбол ауылы І аймақ

1,45

Ынтымақ ауылыІаймақ

0,15

6

Өрлік ауылдық округі

Өрлік ауылы І аймақ

1,45

7

Көктоғай ауылдық округі

Көктоғай ауылы І аймақ

1,45


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады