Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланады.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Т. Бейсқали |
