"Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 75 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 118 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамына "Теңіз-Новороссийск" магистралдық мұнай құбырының Исатай ауданы аумағындағы 220 кВ электр жеткізу әуе желісін (ӘЖ – 220 кВ) пайдалану және қызмет көрсету үшін көлемі 1287,1787 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасары Н.Утегеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады