Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 118 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамына "Теңіз-Новороссийск" магистралдық мұнай құбырының Исатай ауданы аумағындағы 220 кВ электр жеткізу әуе желісін (ӘЖ – 220 кВ) пайдалану және қызмет көрсету үшін көлемі 1287,1787 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімінің орынбасары Н.Утегеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Мусин |