Атырау облысы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңіндегі шектеулер туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 241 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15, 63-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өрт қаупi жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Атырау облысы мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгілі бір түрлерін жүргізуге шектеу қойылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады