Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдайды;

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Михайловка ауылын сумен жабдықтау таратушы желілері үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Дубровное ауылдық округі, Михайловка ауылының аумағында орналасқан, жалпы алаңы – 1,6651 гектар. жер учаскесіне шектеулі жер пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Дубровное ауылдық округінің әкімі П. Титов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады