Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 116 қаулысына келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақтың 56) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"56) жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келуші арасындағы еңбек шарттарын тіркеуді жүзеге асырады;";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 57), 58), 59), 60), 61), 62), 63), 64), 65) тармақшамен толықтырылсын:
"57) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның өзінің тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұратын қоғамдық жұмыстарды (бұдан әрі - қоғамдық жұмыстар) ұйымдастыру;
58) қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңінде 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 49-1-бабының жетінші бөлігінде көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда, мұндай адамды қоғамдық жұмыстарды орындаудан босату туралы сотқа өтінішхатпен жүгіну;
59) заңды күшіне енген адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқық бұзушыны шақырып, оның жеке деректерін толтыру;
60) құқық бұзушыға қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібі мен шарттарын түсіндіру;
61) заңды күшіне енген адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына оның орындауға қабылданғаны туралы хабарлама жіберу;
62) заңды күшіне енген адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адам жіберілетіні туралы хабарлама жіберу;
63) қоғамдық жұмыстарды орындау графигі мен кезеңділігін жасау;
64) құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі анықталған кезден бастап дереу ішкі істер органдарын хабардар ету;
65) заңды күшіне енген адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы орындалған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа хабарлама жіберу.".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіркеуші органды заңнамада белгіленген тәртіппен өзгеріс және толықтыру енгізу туралы хабардар етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі | Е. Степаненко |
