"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
"Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу Тәртібін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 317 қаулысы;
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджеті шығыстарының басым бағыттарын айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 180 қаулысы.
2. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Степаненко |
