Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бинаш ауылының атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ноғайбай би ауылдық округінің әкімінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 44 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының 2-тармағына сәйкес және 2025 жылғы 27 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІ:

      1. Ноғайбай би ауылдық округінің Бинаш ауылындағы келесі тұйық көшелеріне атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшеге – Наурыз атауы берілсін;

      № 2 атауы жоқ тұйық көшеге – Болашақ атауы берілсін;

      № 3 атауы жоқ тұйық көшеге – Игілік атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ноғайбай би ауылдық округінің әкімі Э. Васильева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады