Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша жер алығының мөлшерлемерін арттыру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 27/5 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 582-бабы 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық Кодекстің 577, 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 (елу) пайызына арттырылсын, автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне, соған сәйкесінше:

      1) елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;

      2) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына жатпайтын жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады