"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы" Нежинка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 26 шешімінің күшін жою және күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 40 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 74-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабымен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежин ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жария сервитуты Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежин ауылдық округі, Тоқсан би ауылы мекенжайында орналасқан су құбырына қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 1,6014 гектар жер учаскесіне қолданысын тоқтату.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы" Нежинка ауылдық округі әкімінің 11 маусымдағы 2021 жылғы № 26 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі О. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады