Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 76 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы мекенжайында орналасқан, қайта жаңарту және қызмет көрсету үшін ӘЖ - 0,4 кВ КТП 10/0,4 кВ № 6-15 фидер 1,2,3,4., жалпы ауданы 0,0090 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Новоишим ауылдық округінің әкімі | А. Букпин |
