Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қатені түзеу

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 76 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы мекенжайында орналасқан, әуе желілерін қайта құру және оған қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0090 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Букпин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады