Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 264 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № 46 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында коммуналдық қызмет көрсету қағидларын бекіту туралы" 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 264 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі Р. Елубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады