"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы 21 қазандағы № 8 хаттамасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымындағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Миктасұлы Жантілеуов төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып бекітілсін және осы шешіммен анықталған тиісті іс-шараларды өткізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 21 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
| Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі | М. Меңдібаев |
