Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) кірістер (шығындарды есепке алмағанда) бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы | А. Бердағұлов |
