Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 3-тармағымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабы 7-тармақшасына және 107-бабының 2-тармағына, "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32737 болып тіркелді) бекітілген Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Ғ. Нұрмұхамбетов |
| Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "05" желтоқсандағы | |
| № 319 қаулысына | |
| қосымша |
2026 жылға арналған ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде квота
Ұйым атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %) 2-4% | Белгіленген квота мөлшері (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Айыртау ауданы | |||
"Баянтай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 110 | 3 | 3 |
Ақжар ауданы | |||
"Ақ-Ниет-Агро и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 2 | 1 |
Аққайың ауданы | |||
"Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 250 | 3 | 8 |
Есіл ауданы | |||
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 72 | 2 | 1 |
Қызылжар ауданы | |||
"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 105 | 3 | 3 |
Мамлют ауданы | |||
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Афонькин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |
"Қызыласкерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2 | 1 |
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан | |||
"Ишим-Гарант" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 64 | 2 | 1 |
"ПМК-5" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 2 | 1 |
Тайынша ауданы | |||
"Элеватор Тайынша" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 188 | 3 | 6 |
Тимирязев ауданы | |||
"Сагат СК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 2 | 2 |
Уәлиханов ауданы | |||
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Уәлиханов ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 59 | 2 | 1 |
Шал ақын ауданы | |||
"Aгросевер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 2 | 2 |
Петропавл қаласы | |||
"Ивушка" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 77 | 2 | 1 |
"ЛОРД" дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 111 | 3 | 3 |
