"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 224 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының (қызметте пайдалану үшін) қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін әділет органдарында қайта тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Қызметтік қолдану үшін
  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкiмдiгiнiң 2025 жылғы
  "26" тамыздағы № 224
  қаулысына қосымша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады