ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2025 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 3 ақпандағы № 76 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) 2025 жылға арналған қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шама шеңберінде Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,55 пайызы белгіленсін.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қор 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 1 ақпандағы № 2-5-Н, № 2-1-Н ңұсқамаларына сәйкес республикалық бюджетке 3 772 677 мың теңге сомасындағы өтемақыны төлеуді қамтамасыз етсін.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасы | |
| Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы | Т. Мұратов |
