"Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 400 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде:

      1-бөлімде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар:

      реттік нөмірі 18-жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

Қан, қан ұю ағзаларының аурулары және иммундық механизмді тартатын жеке бұзылулар

18

D45-47.9, С81– С96 D56, D57, D59.5, D61, D69.3, D76.0

Миелодиспластикалық синдромдарды қоса алғанда, лимфоидты, қан түзетін және оларға ұқсас тіндердің қатерлі ісіктері, қанның кейбір ауруларын қоса алғанда, оның ішінде апластикалық анемия мен имунды тромбоцитопения

Динамикалық байқауда тұрған барлық санаттар

Верификацияланған диагноз кезіндегі ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Элтромбопаг, таблетка

B02BX05

Эпоэтин зета, инъекцияға арналған ерітінді

B03XA01

Эпоэтин бета, инъекцияға арналған ерітінді

B03XA01

Эпоэтин альфа, инъекцияға арналған ерітінді

B03XA01

Дексаметазон, таблетка

H02AB02

Преднизолон, таблетка

H02AB06

Хлорамбуцил, таблетка

L01AA02

Мелфалан, таблетка

L01AA03

Метотрексат, таблеткалар, инъекцияға арналған ерітінді

L01BA01

Меркаптопурин, таблетка

L01BB02

Цитарабин, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ

L01BC01

Винбластин, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, инъекцияға арналған ерітінді

L01CA01

Даратумумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді

L01FC01

Иматиниб, таблетка, капсула

L01EA01/L01XE01

Дазатиниб, таблетка

L01EA02/L01XE06

Нилотиниб, капсула

L01XE08/L01EA03

Руксолитиниб, таблетка

L01XE18

Ибрутиниб, капсула

L01EL01

Гидроксикарбамид, капсула

L01XX05

Третиноин*, капсула

L01XX14

Интерферон альфа 2b, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ

L03AB05

Циклоспорин, капсулалар, ішуге арналған ерітінді

L04AD01

Талидомид, капсула

L04AX02

Леналидомид, капсула

L04AX04

Клодрон қышқылы, таблетка

M05BA02

Деферазирокс, таблетка

V03AC03

  ";

      реттік нөмірі 49 -жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

49

С00-С97, D00- D48 (D35.2 қоспағанда)

Онкологиялық аурулар

Динамикалық байқауда тұрған барлық санаттар

Таргеттік терапияның сезімтал сатысына қарамастан қатерлі жаңа өспелер

Эритропоэтин (Эпоэтин альфа), инъекцияға арналған ерітінді

B03XA01

Эритропоэтин (Эпоэтин зета), инъекцияға арналған ерітінді

B03XA01

Эритропоэтин (Эпоэтин бета), инъекцияға арналған ерітінді

B03XA01

Ципротерон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді

G03HA01

Темозоломид, капсула

L01AX03

Тегафур, капсула

L01BC03

Капецитабин, таблетка

L01BC06

Трастузумаб, инъекцияға арналған ерітінді, инфузияға арналған ерітінді

L01XC03

Иматиниб, таблетка, капсула

L01EA01/L01XE01

Гефитиниб, таблетка

L01EB01/L01XE02

Эрлотиниб, таблетка

L01EB02

Сунитиниб, капсула

L01EX01/L01XE04

Сорафениб, таблетка

L01XE02

Лапатиниб, таблетка

L01XE07

Афатиниб, таблетка

L01EB03

Вемурафениб, таблетка

L01EC01

Дабрафениб, капсула

L01EC02

Траметиниб, таблетка

L01XE25/L01EE01

Осимертиниб, таблетка

L01EB04

Кобиметиниб, таблетка

L01EE02

Лейпрорелин, лиофилизат тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған, инъекцияға арналған суспензия дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ

L02AE02

Гозерелин, тері астына енгізуге арналған ұзақ әсер ететін имплантат

L02AE03

Трипторелин, лиофилизат инъекцияға арналған суспензия дайындау үшін

L02AE04

Тамоксифен, таблетка

L02BA01

Торемифен, таблетка

L02BA02

Фулвестрант, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді

L02BA03

Бикалутамид, таблетка

L02BB03

Энзалутамид, капсулы

L02BB04

Апалутамид, таблетка

L02BB05

Анастрозол, таблетка

L02BG03

Летрозол, таблетка

L02BG04

Филграстим, инъекцияға арналған ерітінді

L03AA02

Интерферон альфа 2а, инъекцияға арналған ерітінді

L03AB04

Интерферон альфа 2b, инъекцияға арналған ерітінді

L03AB05

БЦЖ вакцинасы, интравизикальді енгізу үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ еріткішпен жиынтықта

L03AX03

Клодрон қышқылы, таблетка

M05BA02

Золедрон қышқылы, концентрат/ лиофилизацияланған ұнтақ, инфузия ерітіндісін дайындауға арналған лиофилизат, инфузияға арналған ерітінді

M05BA08

  ";

      3-бөлімде. Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар:

      реттік нөмірі 19-жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

19

L40

Псориаз

Динамикалық байқауда тұрған ересектер

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді

L01BA01

Циклоспорин, капсула

L04AD01

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының шешімі бойынша орташа және ауыр дәреже

Гуселькумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді

L04AC16

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша базистік иммуносупрессивті терапияның тиімсіздігі кезінде

Устекинумаб раствор для инъекций

L04AC05

  ";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Әлназарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады