БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы №777 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрық мынадай редакцияда 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін бес жұмыс күннің ішінде:
1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 24 сәуірдегі туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.".
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Әлназарова |