Алматы қаласының автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XL сессиясының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 275 шешiмi

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 577-бабына және 581-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай Алматы қаласының автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі ұлғайтылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы мәслихатының
  2025 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 275 шешіміне қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай Алматы қаласының автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Алматы қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін базалық салық мөлшерлеме (теңге)

Базалық мөлшерлемені ұлғайту мөлшері

Теңгемен ұлғайту мөлшерін ескере отырып, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Алматы қаласының жерлеріне базалық салық мөлшерлемесі

I санат

28,95

-

28,95

II санат

28,95

2 рет

57,9

III санат

28,95

5 рет

144,75

IV санат

28,95

10 рет

289,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады