"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Айқындау:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды;
2) халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
