Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 3-ш шешімі

      Казақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Павлодар ауданының әкімі ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Х. О. Оразбеков тағайындалсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар ауданының әкімі Д. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады