Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 770/10 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 57-бабына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 49-1, 49-2, 914-1-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "08" қазан
№ 770/10 қаулысына
1-қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу
үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1) Аумақты абаттандыру және жинау;

      2) Коммуналдық инфрақұрылым объектілерін жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар;

      3) Белгілі бір біліктілікті талап етпейтін және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес келетін жұмыстардың өзге де түрлері.

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "08" қазан
№ 770/10 қаулысына
2-қосымша

Қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі

№ п/п

Ұйым атауы

1.

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Екібастұз-сервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2.

"Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3.

"Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

4.

"Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

5.

"Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

6.

"Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

7.

"Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

8.

"Екібастұз қаласы Солнечный кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9.

"Екібастұз қаласы Төртқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10.

"Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

11.

"Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

12.

"Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады