Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 9 қазандағы № 275/34 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 377 бұйрығына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев

  Екібастұз қаласы
мәслихатының 2025 жылғы
9 қазандағы № 275/34 шешіміне
қосымша

Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға,
тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтердің құны (қосылған құн салығынсыз) теңге

 
Жайлы үйлер

айына 1 тұрғыннан

549,91

 
Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

564,01

Бір бірлік үшін (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

3 384,06


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады