Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 377 бұйрығына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы | Н. Макраев |
| Екібастұз қаласы мәслихатының 2025 жылғы 9 қазандағы № 275/34 шешіміне қосымша |
Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға,
тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Қызметтердің құны (қосылған құн салығынсыз) теңге |
| айына 1 тұрғыннан | 549,91 |
| айына 1 тұрғыннан | 564,01 |
Бір бірлік үшін (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 3 384,06 |