Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, "Ауылдық аумақтардың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 70-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкерлерге жалақыға қосымша ақы (25 пайыз) белгіленсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы | М. Омарғалиев |
