Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 275/32 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар қалалық мәслихатының "Павлодар қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 27 наурыздағы № 131/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7525-14 болып тіркелген);

      2) Павлодар қалалық мәслихатының "Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 30 қарашадағы № 544/72 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7051 болып тіркелген).

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Кожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады