Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, елді мекендер жерлері санатынан жер телімдеріне 2026 жылғы 19 қарашаға дейін жалға алу мерзімімен уақытша өтеусіз жер пайдалану жағдайында "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қаласының әкімі | Х. Хабылбеков |
| Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №2182/2 қаулысына қосымша |
"Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер телімдерінің тізбесі
1. Электрмен жабдықтау желілерін пайдалану және ұстау үшін Павлодар қаласы, Амангелді көшесі, 55/3 мекенжайы бойынша орналасқан, көлемі 0,0063 га жер телімі;
2. Инженерлік желілерді (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз) пайдалану және ұстау үшін Павлодар қаласы, Амангелді көшесі, 55/2, 55/6, 55/7 мекенжайы бойынша орналасқан, көлемі 0,0296 га жер телімі.
