Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы "Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 774/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 1357/2 қаулысы

      Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы "Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 774/2 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      "Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:

      "31) өкілеттіктер шегінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау.".

      2. "Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Аманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады