Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 4 хаттамасы негізінде Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласының және елді мекендердің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы | А. Аманов |